ШЫМКЕНТТЕ АУРУХАНАЛАРДА АЛҒАШҚЫ РЕТ «LEONARDO» ЛАЗЕР АППАРАТЫ ҚОЛДАНЫЛДЫ
Бүгін Шымкентте алғаш рет қалалық №1 ауруханасында Biolitec (Германия) компаниясы шығарған LEONARDO лазер аппаратын қолдануымен шеберлік сағаты өтті.
Ең соңғы үлгідегі LEONARDO лазерлік аппараты көпфункционалды және оны қолдану аясы өте кең.
Атап айтқанда: геморрой, фистула, гинекологиялық, урологиялық, ЛОР аурулары, омыртқа грыжалары және қалқанша безінің түйіндері сияқты ауруларды емдей алады.
Бұрын мұндай операциялар ұзақ жасалатын, операциядан кейін айтарлықтай тыртықтар қалатын. Науқас осындай жарақаттанудан кейін ұзақ уақыт қалпына келетін. Ал енді заманауи лазерлік технология осы мәселелердің барлығын шешті. Операция ұзақтығы 15-20 минут, ауырсынусыз,наркозсыз, операциядан кейін тыртық қалмайды, бірнеше сағаттан соң науқас тіпті үйіне қайтады.
Шымкент қаласының дәрігерлері жаңа әдістер мен заманауи медициналық технологияларды енгізу арқылы көптеген жетістіктерге жетуді жоспарлауда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі