ШЫМКЕНТТЕ АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛЫП, АЯҚЖОЛДАР САЛЫНУДА

Шымкент қаласында аялдамалар жаңартылып, аяқжолдар құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы шеңберінде қала аумағында 260 дана аялдама орнатылуда. 145 ескі аялдама демонтаж жасалып, қала сыртында орналасқан елдімекендерде орнату жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 534,4 млн. теңге қаралды. Атап өтсек, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Еңбекші ауданында 50, Қаратау ауданында 70 дана аялдама орнатылуда. 2021 жылға 400 аялдаманы жаңарту жоспарланып отыр.
Қала жолдарының бойында 912 шақырым аяқ жол бар. 2020 жылы 319 шақырым аяқ жол құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі