ШЫМКЕНТТЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласында 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай 19-26 маусым аралығында БАҚ өкілдері арасында Спартакиада өтті.
Спорттық шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Спартакиада барысында қатысушылар 7 спорт түрінен, яғни шағын футболдан, волейболдан, арқан тартудан, шахматтан, боулингтен, бильярд және үстел теннисінен сайысқа түсті.
Марапаттау шарасында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мәди Манатбекұлы жеңімпаздарды арнайы құттықтап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне алғысын жеткізді.
Айта кетейік, сайыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте 1 орынды «Ернұр-пресс» корпорациясы, 2 орынды «Оңтүстік» телеарнасы, 3 орынды «Отырар» телеарнасы иеленді.
Спорттың «Футбол» түрінен жеңімпаздар:
Үздік қақпашы – Әлімбаев Нұрлан (50 мың теңге)
Үздік қорғаушы – Абдиев Давронбек (50 мың теңге)
Үздік шабуылшы – Жанболат Қалаубай ( 50 мың теңге)
ІІІ орын – «Отырар» телеарнасының командасы (100 мың теңге)
ІІ орын – Үшінші мегаполис командасы (150 мың теңге)
І орын – «Ернұр-пресс» корпорациясы командасы (200 мың теңге)
Спорттың «Волейбол» түрінен жеңімпаздар:
Үздік ойыншы – Ибрагимов Сапарғали (50 мың теңге)
Үздік қорғаушы – Қалмаханов Ғани (50 мың теңге)
Үздік шабуылшы – Әуесбеков Сәбит (50 мың теңге)
ІІІ орын – «АКО» командасы (100 мың теңге)
ІІ орын – «Ернұр-пресс» корпорациясы командасы (150 мың теңге)
І орын – «Оңтүстік» телеарнасы командасы (200 мың теңге)
Спорттың «Арқан тарту» түрінен жеңімпаздар:
ІІІ орын – «Рейтинг-Собкор» командасы (100 мың теңге)
ІІ орын – «Ернұр-пресс» корпорациясы командасы ( 150 мың теңге)
І орын – «Оңтүстік» телеарнасы командасы (200 мың теңге)
Спорттың «Үстел теннисі» түрінен қыздар арасында жеңімпаздар:
ІІІ орын – Оразова Шынар, Отырар телеарнасы (100 мың теңге)
ІІ орын – Ташева Аида Оңтүстік телеарнасы ( 150 мың теңге)
Спорттың «Үстел теннисі» түрінен ерлер арасында жеңімпаздар:
ІІІ орын – Кенжебек Ғалымжан, Отырар телеарнасы (100 мың теңге)
ІІ орын – Бектұрғанов Бексұлтан, Ішкі саясат басқармасы (150 мың теңге)
І орын – Ибрагимов Сапарғали, Ернұр-пресс корпорациясы (200 мың теңге)
Спорттың «Шахмат» түрінен қыздар арасында жеңімпаздар:
ІІІ орын – Хайдарова Алима, «Рейтинг-Собкор» (100 мың теңге)
ІІ орын – Элтаева Малика, «Жанубии Козоғистон» газеті (150 мың теңге)
І орын – Мейрбекова Майра, «Оңтүстік телеарнасы (200 мың теңге)
Спорттың «Шахмат» тгрінен ерлер арасында жеңімпаздар:
ІІІ орын – Шотаев Асхат, Темірқазық-Ой газеті (100 мың теңге)
ІІ орын – Балтабекұлы Мақсат, Еркін ой газеті ( 150 мың теңге)
І орын – Түйетаев Асылбек, Рейтинг-Собкор (200 мың теңге)
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы