ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР 1 МАУСЫМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Шымкент қаласында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қоғамдық көліктерде балалар тегін тасымалданатын болады. Жалпы үшінші мегаполисте 18 көлік компаниясы 71 бағытта, 782 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, қоғамдық көлікте жүрудің ережесіне сай, қалада 7 жасқа дейінгі балалар тегін тасымалданса, 7 мен 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік жасалған. Ал, 15 жастан жоғары балалар мен студент жастар 50 теңге төлейді.
Жалпы қалада электронды билет жүйесі енгізілгелі бері «TOLEM» картасын 56 мың оқушы мен 1950 студент алып, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі