ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 24 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Шымкент қаласында биылғы жылы 24 196 жаңа жұмыс орыны құрылады деп жоспарлануда. Оның ішінде 14 517-і тұрақты жұмыс орны, 9 679-і уақытша жұмыс орындары. Бұл туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.Басқарманың мәліметінше, құрылатын жаңа жұмыс орындарының 10552-і ұлттық жоба шеңберінде болса, 13 644 жұмыс орны кәсіпкерлердің жеке бастамаларымен құрылатын болады. Олар, жеке бала бақшалар, мектептер, ауруханалар, дәріханалар, мәдени, спорт кешендері және жеке ісін бастап салық органдарына тіркелген жеке кәсіпкерлер. Бұл жұмыс орындарының есебі кірістер департаментінен бірлесіп анықталатын болады.Жалпы Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша осы жылы 57696 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарлануда. Оның ішінде 35 276 орын тұрақты, 22 420-і уақытша жұмыс орындары. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі