ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖАТҚАН 54,7 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Шымкент қаласы аумағында ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен
қарқынды жүргізілуде.
Нәтижесінде ауылшаруашылық мақсатындағы 54,7 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында орындалды.
Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ақпаратына сүйенсек, қалада жалпы игерілмей жатқан 1546 жер учаскесі бар екен.
Алдағы уақытта басқарма тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Жерді мемлекет иелігіне қайтару жұмыстары заң аясында жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі