ШЫМКЕНТТЕ «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2019» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі «Денсаулық фестивалі – 2019» акциясы өтті. Халықты салауатты өмір салтын сақтауға шақырған шара «Денсаулық сандарына жет» ұранымен бастау алып, жиналғандар жаппай таңғы жаттығу жасады. Екі мыңға жуық қала тұрғындары білікті дәрігерлер қабылдауында болып, тегін медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік алды.

Денсаулық фестиваліне қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов медициналық қалашықтағы дәрігерлердің жұмысын бақылып, денсаулық сақшыларының жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, әкім барша қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Бұдан бөлек, қала басшысы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында ашылған «Медикер» клиникасының жұмысымен танысты. Жаңа клиника медициналық қызметтердің жоғары сапалығымен белгілі Қазақстандағы жекеменшік медициналық орталықтардың ең үлкен желісі болып табылатын 22-ші мекемесі.  «МЕДИКЕР 4K» денсаулықты тиімді басқаруға бағытталған, диагностикалық және емдік қызметтер кешенін қамтиды.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі