ШЫМКЕНТТЕ ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР САНЫ 4 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

Елімізде бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету көрсеткіштерін жоғарылату мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өңірлердегі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде  Үкімет отырысында айтылды.

Шымкент қаласында бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету көрсеткішінің жоғарылауын диспансерлік есепте тұратын науқастар санының төмендеуімен айтуға болады. Нақтырақ айтқанда 2020 жылмен салыстырғанда олардың саны 4%-ға төмендеді.

Амбулаторлық деңгейде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 7,2 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға өсті.

Сонымен бірге, ауруды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізілуде. 2019 жылы 343 074 тексеру жоспарланып, олар 100% орындалды. Ал, 2020 жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтардың 97 пайызы скринингтік тексерулерден өткен.

Фото: Береке Сейітжаппар

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі