ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС АЛҚАБЫ КЕҢЕЙДІ
Шымкент қаласында дала жұмыстарына арналған техникалар толығымен дайын. Өткен жылы ауылшаруашылығы техникасының паркі 10 жаңа трактормен толықтырылған болатын. Оның 7-і отандық техника. Қала аумағындағы егіс көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылдан 0,5 мың гектарға, ал 2019 жылмен салыстырғанда 1,9 мың гектарға артық. Осы егіс алқабынан 90,1 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде.Биыл мал азықтық өнімдерін өндіруге басымдық беріледі. 2021 жылы 8,9 мың га жерден мал азығы жиналса, осы жыл 9,5 мың гектардан өнім жинау көзделген. Осы жылғы егістіктің 43,6 пайызын дәнді дақылдар құрап отыр. Қала төңірегіндегі 13 мың га дәнді дақыл өсірілетін алқап болса, оның 2,5 гектарына жаздық, 10,4 мың гектарына күздік тұқым егіледі. Ол үшін шаруалар қажетті астық тұқымдарымен толық қамтылды. Сонымен қатар, «Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де 107,7 тонна тұқым қоры әзірленген.Биыл егін өнімділігін арттыру мақстында минералды тыңайтқыштар мен тұқым шаруашылығына және пестицидтердің, биоагенттердi (энтомофагтардың) субсидиялауға қаржы қаралдып отыр. Дала жұмыстарына жүргізуге арналған жанармайды тарататын операторлар да анықталды. Қазір шаруалардың өтініміне сәйкес жанармайдың 1 литрі 189 теңге жеңілдетілген бағада ұсынылуда. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі