ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Шымкентте қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылғы 15 қазаннан бастап іске қосылды. 9 қарашадан бастап сараланған (дифференциалды) тариф енгізілді: қолма-қол төлем – 100 теңге, электронды төлем – 70 теңге.
Бүгінге дейін 100 мың карта сатылды. 410 мыңға жуық транзакция жүргізілсе, оның ішінде 217 мыңнан астамы карта бойынша жүзеге асқан.
Жүйе іске қосылғаннан бастап алғашқы онкүндіктен екінші онкүндікте транзакциялардың саны 8 есеге артып отыр. Бұл ретте сараланған тариф енген күннен бері картамен жүргізілген транзакциялардың үлесі 50 пайыздан асқан. Яғни, карта пайдаланушылардың өсуі байқалады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі