ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛА БАСТАДЫ
Шымкент қаласында 31 қаңтар күні 40 адамнан коронавирус анықталды (белгілері бар – 28, белгілері жоқ – 12). 13 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 27 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 883 орын бар, төсек орын толымдығы 34%-ды құрайды, 582 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 301 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 135 төсек орын бар, 40 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 332 адам вакцина алды (I компонент- 152, II компонент- 180). Егу науқаны басталғалы барлығы 595 473 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 582 143 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 39 300 адам, II компонентін 15 328 адам қабылдады. 91 145 адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі