ШЫМКЕНТТЕ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан кәсіпкерлікті дамытуға  қосқан және қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан 7 іскер әйелге  ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Алғыс хатын табыстады.

Марапаттау рәсімінде Шыңғыс Жұмабекұлы іскер әйелдерді Тәуелсіздік күні және алдағы келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әкімдік тарапынан игі бастамаларды қолдауға әзір екенін жеткізді.

–Еліміз егемен алғаннан бүгінге дейінгі жетістіктерінің бастауында өздеріңіз тұрсыздар. Сіздерді ел тәуелсіздігінің 29 жылдығы және жаңа жыл мерекесімен қала әкімдігінің атынан шын жүректен құттықтаймын. Орталарыңызда абыройлы болыңыздар, -деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Марапатталған әйелдердің тізімі:

Оспаналиева Рәшкүл Жәлелқызы  – «Береке А» корпарациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры. Шымкент қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары.

Жандосова Баян Айтбекқызы – «Шымкент қаласының әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Созақбаева Эльмира Райымбекқызы – «Шымкент қаласының іскер әйелдер ассоцияциясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Архабаева Алма Нұралықызы – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Шымкент қаласы бойынша іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

Хасанова Шахноза Кулабуллақызы  – «Сана-Сезім әйел бастамасының құқықтық орталығы»  қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Масалева Алиса Касымовна – «Южный –Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

Вероцкая Гүлжан Ералиевна – «Re-Frame» жеке тұлғаны дамыту орталығының директоры, бизнес –тренер, психолог.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі