ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЗЫҒҰРТ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

Мәдениет үйі 1988 жылы салынған. «Қазығұрт» өндірістік кооперативінің меншігінде.
Бүгінде нысанды қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қазығұрт» мәдениет үйі (кітапхана) жалға алып отыр. Онда қазір үш адам жұмыс жасайды. Аумағы 1130 шаршы метр нысанда жөндеу жұмыстары соңғы рет 1998 жылы жүргізілген. Бүгінде жылыту жүйелері істен шыққан. Тұрғындар көптен бері мәдениет үйін мемлекет меншігіне алу мәселесін көтеруде.

Қала әкімі нысанды мемлекет теңгеріміне алып, жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. Әбден тозығы жеткен, 350 орындық мәдениет үйі қайта жөндеуден өтіп, аталған мәселе жоспарға сай шешімін таппақ.