ШЫМКЕНТТЕ КЕПТІРІЛГЕН ЖЕМІСТЕР НАРЫҚҚА ШЫҒАРЫЛАДЫ
Шымкентте отандық экологиялық таза кептірілген жемістер нарыққа шығарылады. Қала тұрғындарын кептіру процесінде химиялық консерванттар мен реагенттерді пайдаланбай жасалған кептірілген өрік, мейіз және алма, алмұрт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жоба іске қосылып отыр.
Аталған жоба кооперативтер мен жеке шаруашылықтардан жеміс-жидек сатып алып, кептірілген жемістерді кең ассортиментте өндіруге, «Made in Kazakhstan» маркасы бар бренд өнімдерін экспорттауға және өндірілетін өнімдердің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жергілікті халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Қаза
қстанда осы уақытқа дейін кептірілген жемістерді өрік, мейіз, алма, алмұрт түрінде алу технологиялары әзірленбеген. Дайын кептірілген жемістер Орталық Азия республикаларынан және Таяу Шығыстың басқа елдерінен жеткізіліп келген.