ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР КӨБЕЙГЕН
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар көбейді. Соңғы бір аптаның ішінде COVID-19 белгілері бар 102 науқас анықталған.
Науқаспен қарым-қатынаста болған 444 азамат анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.
- Әр адам 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс.
- Жұмыс орнында және сыртқа шыққанда әлеуметтік арақашық сақтау керек.
- Пандемияны тоқтату үшін қазіргі уақытта маска тағу өте маңызды.
- Жеке бас тазалығын сақтауды ұмытпаңыз. Қолыңызды сабынмен жиі жуып, антисептиктерді қолданыңыз. Індет ауамен ғана емес, қол арқылы да жұғады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ