ШЫМКЕНТТЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Шымкент қаласында биыл 4 жаңа мектеп, 2 өнер мектебі, 4 мектептің қосымша құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 15 білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтіп, 2 мектепке спорт зал және асхана салынса, 17 мектепке заманауи спорт алаңдары қосылды.

Бұл туралы білім басқармасы басшысы Ж.Тәжиева жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке берген есебінде баяндады.

–Қалада 2023 жылға дейін күрделі жөндеуді қажет ететін 25 мектеп, спорт залы мен асханасы жоқ 3 мектеп, заманауи спорт алаңдары жоқ 28 мектептің мәселесі шешіледі. Бұдан бөлек, қаладағы 2 колледж жанынан 3 жатақхана салу жоспарланған, -деді баяндамашы.

Сонымен қатар, білім ұйымдарындағы кітап қоры да сөз етілді. Мектептердегі көркем әдебиет қорының 85 пайызы 2000 жылға дейін алынған екен.

Білім басқармасының есебін тыңдаған қала әкімі мектеп кітапханаларына зерделеу жұмыстарын жүргізуін және ескірген көркем әдебиеттер есебі алынып, жаңа қормен толықтыру қажеттігін тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі