ШЫМКЕНТТЕ КВИ-ДІҢ 72 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
6 сәуір күні КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді: 16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынған.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 560, Атамекен клиникасы – 500, ЖШС «14 емдеу орталығы» – 320 орын), төсек-орын толымдығы – 26,7%. 1012 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 368 науқас емделуде.
Өзіңіз және жақындарыңыз үшін сақтық шараларын сақтаңыз!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі