ШЫМКЕНТТЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ 1-20 МАУСЫМДА ӨТЕДІ

Шымкент қаласында 1-30 наурыз аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау туралы талапкерлердің (5,7,8,9,10,11 сыныптарға) өтініштері қабылданды.

Мұндай білім беру ұйымдарына қаладағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған №1 ІТ лицей –интернат, Дарынды балаларға арналған №2 үш тілде оқытатын мектеп-интернат, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 мектеп – гимназия, «Білім – инновация лицейі» №1 Ер балалар интернаты, «Білім – инновация лицейі» №2 Қыз балалар интернаты, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №90 мектеп-гимназиясы кіреді.

Өтініштер www.qabyldau.daryn.kz электронды порталында тіркеліп, құжаттарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

15 сәуірде порталға аталған білім ордаларындағы конкурстың іріктеу кестесі ілінеді. 1-20 маусым аралығында конкурстық іріктеу барлық санитарлық талаптарға сай оффлайн режимінде (тестілеу) өтетін болады.

Фото:архив

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі