ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР ТОЛЫҒЫМЕН «САҚТАНДЫРУ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ БІРІКТІРІЛГЕН
Шымкент қаласындағы 32 мемлекеттік және 72 жеке медициналық ұйым бар. Олар бүгінде толығымен «сақтандыру» ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Медициналық ұйымдарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне төлемдерді қабылдау үшін 38 терминал орнатылған. Бұл 100 пайызды құрап отыр.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ көрсеткен медициналық қызметтер үшін өтемақы сомасы 2019 жылға 42 млрд 444 млн теңгені құрады. Оның 3 млн 437 мыңы қызмет үшін қолданылған.
Биыл міндетті медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты өтеу сомасы 67 млрд 819 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл өткен жылдан 60% — ға артық, ал көрсетілетін медициналық қызметтер саны 6 млн 981 мыңға жетті. Тиісінше 2 есеге ұлғайған.
Бүгінгі күні қаланың 1 037 253 тұрғыны (азаматтардың жеңілдікті санаттары – 618 398 (60%); жалдамалы қызметкерлер сақтандырылған ЖҚ-256 200 (24%); БЖТ төлеушілер -137 158 (13%); дербес төлеушілер – 27 600 (3%) мемлекеттік әлеуметтік сақтандырылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі