ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНІҢ 95 ПАЙЫЗЫ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ

Мемлекеттік қызмет көрсету — бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші. Президент Қ.Тоқаевтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруды, ол үшін ұсынылатын қызметтерді мейлінше электронды форматқа көшіру жөніндегі тапсырмасы Шымкент қаласында толығымен жүзеге асып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігімен 2019 жылы барлығы 181 қызмет түрі ұсынылса, биыл ұсынылатын қызметтер саны 165-ті құрап отыр. Себебі, халыққа қолайлы әрі жеңіл болуы үшін бірқатар қызмет түрлері оңтайландырылды.

Бүгінгі күні Шымкент қаласының әкімдігімен 165 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылса, оның 146 қызметі бекітілген Тізілімге сәйкес «Электрондық үкіметтің» порталында, 10 қызмет қала әкімдігімен автоматтандырылып, электронды форматқа өткен қызметтер саны 156 болды. Бұл 95 пайызды құрап отыр.

Мәселен, биыл қаңтар-қараша айларында Шымкент қаласының әкімдігімен 4,9 млн. қызмет көрсетілсе, оның 4,4 млн. қызметі немесе 90% электронды түрде көрсетілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі