ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ ТАЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Шымкентте 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай тал егу акциясы өтті.
«Тәуелсіздік» саябағындағы іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов, қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.
Қала әкімі жиналған қауымды мерекемен құттықтап, одан кейін саябақта тал көшеттерін екті. Бұл күні жалпы 70 көшет отырғызылды.
Көпшілік бұл орын достық аллеясы болады деп, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығының бұдан әрі нығая беруіне тілектестік білдірді.
28Amirkhan Karatay, Дәурен Айманбет и ещё 26