ШЫМКЕНТТЕ МҰҒАЛІМДЕРДІ КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

Шымкентте мұғалімдерді ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды. Бұл үшін қалаға І компонентті 4800 доза және ІІ компонентті 3800 доза «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы әкелінді. Бұл жолы екінші кезеңге сәйкес КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, жоғары оқу орындарының қызметкерлері алады. Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.

Осы санаттағыларды вакциналау үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде 21 егу кабинеті дайындалған. Мұғалімдерге екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізіледі.

Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Айта өтейік, вакцинация ерікті негізде жүргізіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі