ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН АЛА АЛАДЫ

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай тудыру мақсатында «Әлеуметтік қызметтер порталы» толық іске қосылды.
Портал арқылы аталған санатқа жататын жандар үйден ұзамай-ақ, қажетті қызмет түрлері мен құрал-жабдықтарға тапысырыс бере алады. Ол үшін азаматтың жеке электронды қолтаңбасы (ЭЦҚ) ғана қажет.
Әлеуметтік қызметтерден бөлек, қажетті құрал-жабдықтарды мүмкіндігі шектеулі азаматтар жеке электронды қолтаңбасының көмегімен, http://aleumet.egov.kz сілтемесі арқылы өз бетінше сатып алу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» 2020 жылдың 3 маусымында пилоттық жоба ретінде іске қосылған болатын. Биылдан бастап порталда азаматтарға арналған 5 түрлі қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтқанда: «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету», «Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету», «Ымдау тілі маманы қызметін көрсету», «Жеке көмекші қызметін көрсету» және «Санаторлы-курорттық емдеу қызметін көрсету».
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы