ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 35 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстанда өткен тәулікте 1100 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 185, Алматы қаласы — 330, Шымкент қаласы — 35, Ақмола облысы — 50, Ақтөбе облысы — 54, Алматы облысы — 108, Атырау облысы — 82, Шығыс Қазақстан облысы — 19, Жамбыл облысы — 12, Батыс Қазақстан облысы — 48, Қарағанды облысы — 98, Қостанай облысы — 40, Маңғыстау облысы — 2, Павлодар облысы — 28, Солтүстік Қазақстан облысы — 7, Түркістан облысы — 2. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 237300.
Осы орайда шымкенттік дәрігерлер коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс екенін ескертеді.