ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ КВИ-ДІҢ 320 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 320 жағдайы тіркелді. Оның ішінде белгілері бар 195, белгілері жоқ 125. Вирус анықталған 114 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 206 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын, жансақтау бөлімінде 72 төсек орын бар. Төсек орын толымдығы 44 пайызды құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарда 179 науқас, жансақтау бөлімінде
14 науқас ем қабылдауда.
Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 605 адам вакцина алды
(I компонент- 133, II компонент- 472). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 229 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 577 862 адам вакцинаның екі компонентін алды. Pfizer вакцинасының I компонентін 18 816 адам,
II компонентін 8 864 адам қабылдады.Сондай-ақ, 41 773 адам ревакцинацияланды.
Шымкент қаласында эпидахуалдың күрделенуіне байланысты қала тұрғындарынан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі