ШЫМКЕНТТЕ ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫ 70 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Шымкент қаласында қылмыстың санын азайту және алдын алу мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері тұрғындармен үйлердің кіреберісіне тиісті камераларды орнату бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде көп қабатты үйлердің кіре-берістеріне 2462 камера орнатылып, қылмыстың төмендеуіне ықпал етті.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы ПД бастығы полиция генерал-майоры Е.Жұмаханбетов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

— Пилоттық жоба ретінде «Қазақтелеком» телекоммуникациялық компаниясы арқылы бейнебақылау камералары қараша айында Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығына қосылған болатын. Аталған жоба негізінде қылмыс саны едәуір азайды. Бүгінде 16 қараша мен 7 желтоқсан аралығында, қала көлемінде 955 қылмыс тіркелген. Тонау – 9 (2019-29), бұзақылық – 26 (2019-61), ұрлық – 269 (2019-518). Ал пәтер ұрлығы – 27 болып, өткен жылмен салыстырғанда 70 пайызға төмендеді, — деді департамент бастығы.

Сонымен қатар, нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 758 құқықбұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 434 бабы – 294( ұсақ бұзақылық), ҚР ӘҚБтК 440 бабы – 63 (қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу), ҚР ӘҚБтК 449 бабы –2 ( қайыршылық), ҚР ӘҚБтК 517 бабы-5 (көші-қон заңнамасын бұзу), ҚР ӘҚБтК 441 бабы-146, (қоғамдық орында темекі шегу және тастау), ҚР ӘҚБтК 204 бабы-8 (заңсыз сауда), ҚР ӘҚБтК жол ережесін бұзу-161, ҚР ӘҚБтК 442. 2 бабы (түңгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілсіз үйде тыс жерде жүргені бойынша ) — 79.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі