ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУДЫ ӨТКІЗУГЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛДЫ

10 қаңтар күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.
Шымкент қаласында сайлауды өткізуде карантиндік талаптар бойынша барлық сақтық шаралары ұйымдастырылды.
Бүгінде Шымкентте 617 мыңнан астам сайлаушы бар. Жалпы қала аумағында 312 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Шымкент қаласының тұрғындары сайлау жөнінде қандай да бір ақпарат алғысы келсе, iKomek 109 нөміріне хабарласып біле алады. Орталық қызметкерлері кез келген қала тұрғынының тіркелген мекенжайы арқылы сайлау учаскесін анықтап береді. Ол үшін 109 байланыс нөміріне хабарласса жеткілікті.

Сонымен бірге тұрғындар үшін http://www.2021sailau.gov.kz
https://open-shymkent.kz/polling-station
арнайы сайты жұмыс істеуде. Егер де тұрғын сайлау күні өзінің тұрғылықты мекенжайында болмаса, яғни Шымкент қаласынан басқа аймақта жүріп сайлауда дауыс бергісі келсе, «открепительный талон» алуы қажет. Бұл талонды жергілікті аудандық әкімшіліктен ала алады. Талонды алып, сайлау күні, өз мекенжайының сайлау учаскесіне барып, дауыс бере алады.

IKomek 109 орталығымен байланысу түрлерін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне хабарласу;
2. WhatsApp +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама қалдыру;
3. Instagram желісінің @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook желісінің IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі