ШЫМКЕНТТЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТУДЕ
Шымкент қаласындағы ОҚМУ базасында алғаш рет жетекші ғалымдар мен дәрігерлер арасында «Ресей Федерациясы трансплантологиясындағы актуальды сұрақтар мен Шымкенттегі жедел қызметтің дамуы» тақырыбында үш күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан елінің мамандары қатысуда.
Конференцияның бірінші күнінде үш жақты мемарандумға қол қойылды. Ынтымақтастық туралы үш жақты келісім Ресей Федерациясы және Қазақстанның ғалымдары мен дәрігерлеріне тәжірибе алмасуға, трансплантология саласындағы жетістіктерін таныстыруға, шеберлік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін болады.
Ең бастысы қаладағы жедел медициналық көмек көрсететін мамандар Мәскеу қаласындағы Н.В.Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтында біліктілігін арттыратын болады.
Айта кетейік, конференция барысында ресейлік мамандармен күрделі ота жасау бойынша жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі