ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШ«ХЫЗЫР» МҰНАРАСЫ АШЫЛДЫ

жақында ғана абаттандыру жұмыстары аяқталған жаңарған тарихи ескерткіш «Хызыр» мұнарасының ашылуы өтті. Ислам мәдениетінен сыр шертетін нысан Сайрам тұрғын алабында орналасқан. 300 жылдық тарихы бар кешен діни орталық қызметінен бөлек, өз тарихымен туристердің ерекше қызығушылығын оятуда.
Шымкентті туристік орталыққа айналдыру мақсатында аталған нысандарды күтіп-баптаудың маңызы ерекше. Осы бағытта қалалық туризм басқармасының бастамасымен биылғы жылдың ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен мұнараның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Туризм басқармасы «Хызыр» мұнарасын зерделеп, реставрациялық жұмыстар жүргізу үшін тарихшы-археологтармен арнайы экскурсиялар ұйымдастыруды жоспарлауда.
Айта кетейік, республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Шымкент қаласынан 7 нысан енген. Соның бірі «Хызыр» мұнарасы.
Мұнараның биіктігі жер сілкінісі нәтижесінен 10,5 метрден, қазір 5,7 метрге жеткен.
Тарихи нысан Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атаған. Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Қызырды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Хызыр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі