ШЫМКЕНТТЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БЕЛСЕНДІ
Шымкент қаласында үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қорғау саласында белсенділік танытуда. Олар психоневрологиялық ауытқуы бар 1,5-18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, егде жастағы науқастарға І-ІІ топтағы мүгедектерге, қарияларға түрлі қызметтер көрсетіп келеді. Бұл жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді.
Мұндай қызметтер жартылай стационарлық және үй жағдайында көрсетіледі. Қоғамдық бірлестіктер қызметтерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында республикадан бөлінген қаржыға жүзеге асырады. Биыл бұл мақсатқа 161 млн теңгенің қаражаты қаралып отыр.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс әдісі ең алдымен еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтуға септігін тигізеді.
Бүгінде басқармамен 8 үкіметтік емес ұйым тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар жыл соңына дейін 400-ге жуық азаматқа 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, өткен жылы азаматтақ қоғам өкілдері 263 адамға тиісті көмектер көрсеткен. Бір жыл ішінде 109 адам жартылай стационарлық жағдайда, 154 адам үй жағдайында қызмет алған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі