ШЫМКЕНТТЕ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. 25 жастағы Нигара Миркасимова екі қыз бен бір ұл босанды. Осылайша жыл басынан бері Шымқалада үшінші үшем жарық дүние есігін ашты.
Бақытты ата-аналар нәрестелерге Муслима, Мухлиса, Мухаммадәли есімдерін берген. Сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты, перзентханадан шығарылды.
Үшем 5-мамыр күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туылған. Салмақтары 2000-2200 грамм, бойлары 40-42 см. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған.
Нигара Миркасимованың бұған дейін тағы екі перзенті болған, осылайша жас ана бес баланың анасы атанып отыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10972 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5317-і қыз баласы болса, 5655-і ұл бала.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы