ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛАУ КҮНІ» ГҮЛДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Үшінші мегаполисте Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы іс-шаралар жалғасуда. Бүгін «Жайлау күні» көктем гүлдер жәрмеңкесі өткізілді.Shymqala этнауылында өткен іс-шараны бес басқарма – мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, спорт және дене шынықтыру, ауыл шаруашылығы және жайлы ортаны дамыту басқармалары ұйымдастырған. Жәрмеңке барысында дендросаябақ және түрлі ұйымдардың өкілдері бөлме гүлдерінен бастап көп жылдық өсімдіктер, көгалдар мен бұталар, жеміс және саялы ағаштардың көшеттері көпшілік наразына ұсынылды.– Көктем – жыл басы, жаңару мезгілі. Табиғаттың түрленіп, жаңаратын уақыты. Осыған орай қаладағы бес басқарма бірігіп, гүлдер жәрмеңкесін өткізіп отырмыз. Сонымен қатар саяжайға арналған өсімдік тұқымдары, көп жылдық бұталар, жеміс және сәнді ағаш көшеттері көпшілік наразына ұсынылды. Мамандар оларды қалай егу жолдарын, күтіп-баптау әдістерін бөліседі, – деді іс-шараны ұйымдастырушы-режиссер Самат Алтай.Жәрмеңке барысында қала тұрғындарына 400 қызғалдақ таратылды. Келушілер арасында асық ойыны ұйымдастырылып, шымкенттік орындаушылар өз өнерлерін паш етті. «Қазына» тобының бишілері «Қызғалдақ» сазды-хореографиялық көрінісін ұсынды.

«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

Фото – Серік Қосаев