ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАРҒА АЙ САЙЫН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басты бағыттарының бірі ардагерлер мен аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету. Осы орайда 80 жастан асқан жалғыз басты қарттарға ай сайын 2 АЕК яғни, 5834 теңгеден әлеуметтік төлемдер жүргізіліп келеді. Одан бөлек, мерекелік күндерге орай бір реттік төлемдер есеп шоттарына аударылады. Жалпы қала бойынша қазіргі таңда 80 жастан асқан 125 жалғызілікті қария бар.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, қалалық мәслихаттың шешімімен ардагерлер сүйікті республикалық,облыстық және қалалық басылымдарға да тегін жазыла алады. Басқарма тарапынан жыл сайын басылымдарға тегін жазылатын ардагерлер санын көбейту көзделген. Газет, журналдарға тегін жазылу ардагерлер кеңесінің берген тізіміне сәйкес беріледі.
Биыл Шымкентте 2500- ге жуық қарияны басылымдарға тегін жаздыру қарастырылған.
Шымкент-қайырымды қала.
Шымкент қаласы әкімдінінің баспасөз қызметі