ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕРГЕ ЖАЗЫЛУ ТӘСІЛІ ЖЕҢІЛДЕДІ
iKomek 109 Шымкент] және @gorzdravshymkent бірлесе, қала тұрғындарына дәрігерлерге жазылу тәсілін жеңілдетті.
Енді мегаполис тұрғындары жалпы тәжірибелік дәрігерге (терапевт) БІРЫҢҒАЙ ТЕГІН нөміріне хабарласу арқылы жазыла алады.
Тіркелген емханаға барып немесе емхананың байланыс нөмірлеріне хабарласпай-ақ, iKomek 109 Шымкент] орталығымен байланыссаңыз болады. Орталық қызметкерлері тез арада Сізді өзіңіз бекітілген дәрігерге жазып береді.
Естеріңізге сала кетейік, әрбір қала тұрғыны төменде көрсетілген әдістер арқылы өз өтінішін қалдыра алады:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне қоңырау шалу;
2. WhatsApp +7 (777) 710-91-09 нөміріне жазу;
3. Instagram парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook: IKomek Shymkent
5. @shymkentonlinekz_bot TELEGRAM-bot арқылы өтініш қалдыру.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі