ШЫМКЕНТТЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қаладағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ковидке қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Оқу орнының мұғалімдеріне қаладағы №8 емхана қызметкерлері екпе егу жұмыстарын жүргізуде.
Екпе егу үшін жалпы тәжірбиелі дәрігер, психолог, иммунолог, медбике сынды медицина мамандары білім ордасының ішінде жұмыс істеуде. Мұғалімдермен қатар медицина мамандары өз еркімен келісім берген университеттің студенттеріне де вакцинация жасайды.
Айта кетейік, бұдан бөлек бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарының қызметкерлері жабық мекемелер мен қылмыстық атқару жүйесіне қарасты мекемелерге барып, екпе егу жұмыстарын жүргізеді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ