ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Үшінші мегаполисте тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері мен басқармалары қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бас кеңсесінен мамандар арнайы келген.
Мекеменің қалалық филиалында өткен семинарға Шымкент қалалық және Түркістан облысы мен аудандарының автомобиль жолдары мен тұрғын үй-коммуналды шаруашылық басқармасы мен бөлімдерінің жетекшілері, мамандары қатысты.
Жол салуға, салаға қатысты жұмыстарға тапсырыс беруге жауапты қызметкерлер Ұлттық сапа орталығының қалалық филиалындағы зертханамен, сынама жүргізетін құрылғылар және қондырғылармен танысты. Соңғы үлгідегі техникалармен жұмыс істеу барысы түсіндірілді. Бұдан кейін елордалық мамандар мен жергілікті қызметкерлер саладағы соңғы жаңалықтар мен өзекті мәселелерді талқылады, пікір алмасты.