ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫ 100 ПАЙЫЗ ASHYQ ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тажиева хабарлады.

Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жайын баяндаған бас мұғалім қаладағы білім мекемелері дәстүрлі форматта оқытуға дайын екеніне тоқталып өтті.

«Білім ұйымдарында күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және маска режимі сақталады. Білім басқармасына қарасты 785 білім ұйымдары «Ashyq» жобасына 100% қосылды. Педагогтер мен техникалық персоналдар 100% вакциналанды. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда. Білім беру ұйымдарына бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады. Бір сынып — бір кабинет талаптары сақталады»,-деді спикер.

Айта кетейік, егер білім алушы ауырған жағдайда сынып қашықтан оқытуға жіберіледі. Науқас және байланыста болған ата-аналар жағдайында балалар қашықтан білім алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі