ШЫМКЕНТТЕГІ ТӨРТ АУДАНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімдігі жұмыспен қамту орталығының халықты жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері жөніндегі бөлімдері қаланың төрт ауданында ашылды. Енді тұрғындар жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметтерді төменде көрсетілген мекенжайлардан барып алуға болады.
Халықтың уақытын тиімді ету және сапалы қызмет көрсету мақсатында аталған бөлімдерді әр ауданға бөліп, жаңа мекен-жайға көшірілді.
Атап айтқанда,
— Абай ауданы бойынша Жиделібайсын көшесі, 92 («Бекжан» базары, «Бекжан» СО, 1 қабат).
— Әл-Фараби ауданы бойынша А.Байтұрсынов көшесі мен Мирас көшелерінің қиылысы, Мирас көшесі 22Б.
— Еңбекші ауданының бөлімшесі ағымдағы аптаның соңында көшуді жоспарлауда. (мекен-жайы: Күншығыс м/а, Жолан батыр көшесі 115/2).
— Ал, Қаратау ауданы бұрынғыдай «Нұрсәт» мөлтек ауданы, С.Бәйтереков, 89 үйде орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына қарайды.
Бөлімшелер дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-18.30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 13.00-14.30 аралығында.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі