ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ҮЛЕСІ 20,7% ҚҰРАЙДЫ
Шымкентте өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасайды. Оның ішінде 24 ірі және 49 орта кәсіпорын. Өнеркәсіп салсында 32 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.
Ал жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі жыл басынан бері 9 566,7 млн теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 134,1%-ке артқан. Қалада өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 3,9%-ды қамтыса, республикадағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі-20,7% — ды құрайды.
Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсібін тоқыма бұйымдарын, киім-кешек, былғары және оған жататын өнімдер өндіретін кәсіпорындар ұсынады. Атап айтсақ, «AZALA Textile» ЖШС, «Арайлы» ЖШС, «Жібек.М.» ЖШС, «Гаухар» тігін фабрикасы ЖШС, «АГФ Групп» өндірістік компаниясы ЖШС, «ALATEX» ЖШС, «Жаңаталап-МТ» ЖШС, «KAZPLAST» ЖШС, «Шабитекс» ЖШС, «AZALA Cotton» ЖШС, «Әлем-БТ» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар текстиль» сынды кәсіпорындар осы бағытта қарқынды жұмыс жасауда.
Қазіргі уақытта тоқыма өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, отандық мақтаны тұтыну үлесін ұлғайту және қосылған құны жоғары дайын тоқыма өнімін шығару үшін 200 гектарға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Аймақтың инвестициялық портфелі жалпы құны 86,1 млрд.теңге болатын 44 жобадан тұрады. Олар 4318 жұмыс орнын құрып, жұмыспен қамтуда. Бүгінгі таңда 22 жоба іске асырылып, 32,6 млрд.теңге сомасына инвестициялар тартылып, 2282 жұмыс орны құрылған.
Айта кетейік «Оңтүстік» АЭА қатысушы кәсіпорындары іске қосқан сәттен бастап 82,1 млрд.теңгеге өнім өндіріп, өнімнің жартысынан көбі 45,1 млрд. теңгеге жақын және алыс 22 елге экспортталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі