ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЗДІКТЕР КІТАБЫНА ЕНГЕН
Денсаулық сақтау саласындағы 32 жылдық тәжірибесі бар шымкенттік терапевт Қазақстан Республикасының үздік денсаулық сақтау мамандары кітабына енген.
Ақмарал Жолдасбекова — «терапия» мамандығы бойынша жоғары біліктік санаты бар маман. Алғаш қызметін аймақтық дәрігер ретінде бастаған. 1996 жылдан бері №2 қалалық ауруханасында аймақтық терапевт дәрігері, жалпы тәжірибелі дәрігер, аймақтық терапия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Бүгінгі таңда емхана қызметіне жауапты меңгеруші қызметін абыроймен атқаруда.
Ақмарал Амангелдіқызы елімізде коронавирусты инфекцияның өршіген тұсында алғы шепте жүрген бірден-бір маман. Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының және аурухана бас дәрігерінің құрмет грамоталарымен марапатталған. 2020 жылы Шымкент қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі