ШЫМКЕНТТІК ФЛЕБОЛОГ ТАМЫРҒА 20 МИНУТТА ОТА ЖАСАЙДЫ

Білікті тамыр хирургы, флеболог Талғат Сартаев Шымкентте тамыр хирургиясында соңғы үлгідегі емдеу әдісін алғаш енгізген дәрігер. Ол науқастарға 20 минут ішінде ота жасап, оң нәтижеге қол жеткізген.

Жоғарғы дәрежелі дәрігер қазіргі таңда Ресей Федерациясы флебологтар ассосациясының мүшесі. 30 жылдан бері осы салада ізденіп, еңбектеніп келеді. Флеболог маманы өз білімін Греция, Латвия елдерінде жетілдіріп келген.

Дәрігерге еліміздің өзге өңірлерінен бөлек, шетелдік науқастар іздеп келеді. Таяуда Эстониядан келген науқасқа ота жасап, Қазақстанда медициналық мамандардың біліктілігі жоғары екенін тағы айқындады.

Халық ықыласына бөленген, ауыр науқастарды емдеу әдісіне жаңа технологияларды енгізген Талғат Сәбитұлының еселі еңбектері еленіп, осы уақытқа дейін бірнеше рет мемлекеттік наградамен марапатталған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі