️ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ-МЕРГЕНДЕР V ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Шымкентте бірінші болып 2021 жылғы 7-14 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқ ату бөлімі ҚР V Жастар спорт ойындарын бастаған еді. Жарысқа 2001 жылы туған және одан жас спортшылар қатысты.

Жалпы командалық есепте Шымкент қаласының құрама командасы 39 медаль жеңіп алды, оның ішінде 19 алтын, 12 күміс және 8 қола медаль иеленген.

Жалпы командалық есепте II орын иегері Алматы қаласының құрама командасы 43 медаль жеңіп алды, оның ішінде 14 алтын, 19 күміс және 10 қола медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте III орын егері Нұр-Сұлтан қаласы 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 күміс және 5 қола медаль.

ҚР V Жастар ойындарына мықты командалар қатысты:
1. Нұр-Сұлтан қаласы
2. Алматы қаласы
3. Шымкент қаласы
4. Жамбыл облысы
5. Қарағанды облысы
6. Қостанай облысы
7. Павлодар облысы

Жарыс барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес өтті, барлық спортшылар мен нысандағы қызметкерлер теріс нәтижемен ПТР (Covid-19) анықтамаларын ұсынды.