ШЫМКЕНТТІК ҰСТАЗ ОНЛАЙН ОҚЫТУДА РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Елімізде таралған індетке байланысты қашықтан білім беру жүйесі — BilimLand платформасында жалғасты. Шымкенттік мұғалімдер ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін жылдам игеріп, онлайн оқытуда республикада көш бастады. Мұндай нәтижеге Дильбар Нарметова секілді ұстаздардың іскерлігі мен жаңашылдыққа икемділігінің арқасында қол жетіп отыр.
Дилбар Анарқұлқызы қаладағы №45 мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптарда білім береді. Үнемі ізденіс үстінде жүріп, жаңалыққа жаны жақындығының арқасында қашықтан білім беруде BilimLand платформасында республикадада бірінші орынды иеленді.
Жас ұрпаққа білім беру жолында 12 жылдан бері аянбай еңбектеніп келген ұстаздың өз біліктілігін шыңдау жолында да бірқатар жетістікке жеткен. Прага қаласындағы халықаралық педагогикалық- ғылыми журналда еңбектері жарық көрді. 2019 жылы «Оқу мен тәрбие ісінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталған. Дильбар апай тәрбиелеген оқушылар «Пони» секілді халықаралық жарыстар мен «Алтын ұрпақ», «Алтын қыран» олимпиадаларында жеңімпаз болып келген.
Ол оқыту барысында оқушыларға сабақ түсіндіруде әртүрлі методикалық әдістерді қолданады. Бұдан бөлек, ұстаздың балалардың ата-аналармен қарым-қатынастағы ашықтығы бала тәрбиесінде оң нәтижесін көрсетіп келеді.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі