ШЫМКЕНТТІК ЖАСӨСПІРІМДЕР ФУТБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Түркістанда 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасында «Turkistan Cup» атты республикалық жарыс өз мәресіне жетті.
Жарыс барысында финалға шыққан Шымкент қаласының «Ордабасы» ФО-ның жас футболшылары республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Олар финалда «Оңтүстік» академиясымен кездесіп, қарсыластарын 3:1 есебімен жеңді.
Республикалық турнирдің соңында тартысты жарыста ерекше көзге түскен ойыншылар анықталып, марапатталды. Атап айтсақ, турнирдегі үздік қақпашы — Амангелді Расул, үздік шабуылшы Тәңіржан Егелиев те «Ордабасы» командасынан болды. Турнирде топ жарған жеңімпаздарды Жасұлан Серікұлы жаттықтырды.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасында республикалық дәрежеде турнир өткізудегі мақсат — болашақта ел намысын қорғайтын, шыңдалған нағыз футболшылар дайындау.