ШЫМКЕНТТІҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Коронавирус инфекциясын біз әлі толығымен жеңген жоқпыз. Бұл бағытта ауқымда жұмыстар атқарылуда.
Осы орайда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын назарда ұстауы тиіс. Қажет жағдайда жергілікті емхана мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға еңбекке жарамсыздық қағазын ашып бере алады.
Өкінішке қарай, науқаспен байланыста болған азаматтар арасында карантин талаптарын бұзу жайттары көптеп кездесуде. Мұны бірнеше рет медицина мамандарымен өткізген бақылау жұмыстары кезінде анықтап, карантин талаптарын бұзу бойынша құзырлы орган өкілдеріне хабар бердік.
Себебі, науқаспен байланыста болған азаматтардың инфекция тарату қаупі жоғары. Сондықтан өзгенің өміріне қауіп төндірмей, карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырамыз!
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы