ШЫМКЕНТТІҢ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ «ТАСҚЫН-2002» ДАБЫЛЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖІБЕРІЛДІ

Солтүстік өңірлерде болуы мүмкін су тасқыны жағдайына байланысты авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жедел жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің арнайы жасағы дайындалды. Жеке құрамында 48 қызметкер бар. 7 бірлік арнайы техника, 4 қайық, 13 дана мотопомпасы бар күштер мен құралдары әзірленді. Он үш күнге азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

«Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың нұсқаулығына сәйкес «Тасқын-2002» дабылы келіп түскен. Осы дабыл бойынша Департаменттің күш-құралдары дайындалып, шартты түрде Екпінді елдімекенінде қалыптасқан жағдайға орай Түркістан облысында жөнелтілді. Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Жәнібек Кәрімбаев жедел топты құруға тікелей жетекшілік етті. Әрбір құтқарушымен шартты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде нұсқаулық өткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі