СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ 5 МЫҢНАН АСА АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ
Шымкент қаласында соңғы бір тәулікте 5105 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың басым бөлігі негізгі санаттан тыс қала тұрғындары.
Мамандардың сөзінше, вакцина салдырушылардың арасында егде жастағылардың саны басым.
Қалада 38 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұған қоса арнайы жылжымалы егу пунктерінің жұмысы ұйымдастырылған.
Бүгінге дейін қалада 21 748 азаматқа коронавируске қарсы вакцина салынды. Емханалардағы екпе егу пунктерінің жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-ге дейін ұзартылып, демалыс күндері өз еркімен келісім берген азаматтарға вакцина салынуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі