СОЗАҚТА КИЕЛІ МЕКЕНДЕРДЕ СЕНБІЛІКТЕР ӨТІП ЖАТЫР
Созақ ауданы Сызған ауылдық округіне қарасты Басбұлақ елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» шарасы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, шараға белсене атсалысуда. Тазалық жұмыстары кезінде Саңғыл би кесенесінің аумағын абаттандырып, ауыл маңын, тұрғын үй аулалары мен күре жолдың бойын ретке келтірді. Негізсіз өскен арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арнасын ашып, тұрмыстық қалдықтар тазартылды.
Сенбілікке 80-ге жуық елдімекен тұрғындары және ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері атсалысты. Тазалық жұмыстарына қажетті техникалар жұмылдырылып, елді мекеннің 3,3 шақырым ішкі көшелері тазаланды. Шара соңында жиналған 2,5 тонна қоқыс қалдықтары арнайы полигондарға жеткізілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі