СОЗАҚТА “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Созақ ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары үрдіске айналып келеді. Тазалық шараларына бөлім, мекеме қызметкерлері белсене кіріскен. Бұған қоса жергілікті тұрғындар мен белсенді жастар да қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, тазалық жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Сенбілік жұмыстары барысында әлеуметтік нысандардың ауласы мен әр мекеме өздеріне белгіленген сектор аумағын абаттандырды, аяқ жолдар ретке келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.