СПОРТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ДА МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Шымкентте бірқатар спорт саласының мамандары ҚР Конституциясына 25 жыл толуына орай марапатқа ие болды.
Атап айтанда, «Оңтүстік» футбол Академиясы клубының басшысы Бақыт Көшенов, Шымкент қаласының жеңіл атлетика спорт түрінен аға жаттықтырушы Нұрлыбек Сұлтанов «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов жаттықтырушыларды мерекемен құттықтап, медалдарды табыс етті.